Қазақша эротикалық жыр жинақ шығарған ақын: Көшедегі жезөкше бір басқа

17:20, 15 қазан 2019

Елімізде эротикалық жыр-жинақ кітабын басып шығарған бірегей ақын Срайыл Сапарбай бұл реттегі өз пікірін "Айта берсін" бағдарламасында ашып айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Эротика деген әлемге танылған үлкен ғылым. Ол - жан мен тәннің үйлесімі. Оны гармония деп те жатады. Мысалы, отау құрған ерлі-зайыпты төсекте бір-біріне сәйкес келе ме, мұны осы ғылым зерттеп бере алады. Абай атамыз айтқан: "Махаббаттан жаралған адам заты" деп. Махаббат бар жерде ғана өмір болады, өмірдің өсіп-өнуі болады. Оны порнографиялық, сексопатологиялық көрініс деуге болмайды. Көшедегі жезөкше бір басқа, адамдықтан хайуандыққа шығып кеткен болмыстар бір басқа. Эротика деген өмірді сақтау тәмсілі. Сондықтан оны жырлау, мадақтау керек, әрине. Адам баласының, соның ішінде қазақтың көбейгені жақсы ғой", - дейді ақын.

Ол қазір көп адамның кітап оқымайтынына түк намыстанбайтынына, оны ашып айтатынына таң қалады.

"Қазір кітап оқуға уақытым жоқ", - дейді біреулер. Расында, ол солай. "Кітап оқуға уақытым" жоқ деген адам ол күнін әрең көріп жүрген, бір күндік нәпақасын табу үшін қара кешке дейін қара жұмысқа жегілгендер. Расында, байтал түгіл бас қайғы оған. Ал интеллегенция бар емес пе бізде? Мысалы, сахнада жүрген әншілеріміз қайсысына жатады? Интеллегенцияға ма әлде кітап оқуға уақыт таппайтын, күнің әрең көріп жүрген, жұмысқа жегілген адамдар қатарына ма? Сахнадағы адам мінетті түрде кітап оқуы керек, әйтпесе надан, мәңгүрт, санасыз болып шығады олар. Ал санасыз, сауатсыз адамдардың сахнаға шығуын мен қылмыс деп есептеймін", - дейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!