«Қазақфильм» аумағында не өзгереді

16:31, 24 қыркүйек 2026
MKZ: 1568703

© Сурет: Қазақфильм

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов 2026 жылғы 24 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайының кулуарында "Қазақфильм" аумағын жаңғырту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта киностудия аумағын көгалдандыру, абаттандыру және адамдарға қолайлы ету қажет.

"Біздің ойымызша, аумақты жаңарту оң өзгеріс әкеледі. Онда кинематографистерге арналған үлкен сквер салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ "Қазақфильмнің" инфрақұрылымын жаңартуға қатысты ауқымды жоспар бар. Мұның бәрі қазақстандық кинематографияны дамытуға және еліміздің басты киностудиясын сақтауға бағытталған", – деді Евгений Кочетов.

Оның сөзінше, "Қазақфильм" музейін де жаңарту жоспарланған.

Бұған дейін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Алматыда қазақстандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің тұжырымдамасы әзірленіп жатқаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!