Қаза тапқандар бар: Түркия астанасында теракт болды

20:38, 23 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

23 қазанда Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыштық компаниясының авиациялық зауытына шабуыл жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Haber7 түрік телеарнасы куәгерлерге сілтеме жасай отырып, ғимаратқа жанкешті шабуыл жасалғанын хабарлады.

Жергілікті телеарналар жарылыс болған оқиға орнынан видео таратты, одан бір қабатты ғимараттың қирағанын көруге болады. Сабах телеарнасы да турникеттің жанынан өтіп бара жатқан, қолында қаруы бар ықтимал лаңкестің видеосын көрсетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам шабуыл құрбаны болды, 14 адам жарақат алды. ІІМ министрі Әли Йерликая қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, шабуылды айыптап, терроризмге қарсы күресті жалғастыруға уәде берді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!