Хабиб Нурмагомедов қарызға белшеден батты – БАҚ

12:04, 20 мамыр 2026

© Сурет: Instagram/khabib_nurmagomedov

UFC-дің бұрынғы чемпионы, қазіргі Даңқ залының мүшесі, ресейлік Хабиб Нурмагомедов Ресейдің Роскомнадзор мекемесіне 300 000 рубль (шамамен 1 млн 984 мың 664 теңге) қарыз болып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымы Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап жазғандай, Нурмагомедов интернетте жарнама таратуға қатысты міндетті төлемдерді уақытында төлемеген.

2024 жылы ол Ресей Федералдық салық қызметіне шамамен 300 млн рубль қарыз екені туралы ақпарат тараған. Сол себепті оның мүлкі мен банктегі есепшоттары уақытша бұғатталған.

2025 жылы оның қарызы 1,8 млн рубль болғаны да айтылған. Сонымен қатар Нурмагомедов Ресейдегі барлық бизнес жобаларынан шығып, Біріккен Араб Әмірліктерінде кәсіпкерлікпен айналысуға көшкені белгілі болды.

Бұған дейін Mango брендінің негізін қалаушыны туған ұлы өлтірген болуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!