Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы өзара сауда көлемін 20 млрд долларға жеткізуді ұсынды
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 8 қазанында Қазақстан президенті Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі отырыстың символдық мәні ерекше екенін атап өтті.
"Осы жылдар ішінде тұтас дәуірді қамтыған ұзақ әрі сындарлы, сонымен қатар жемісті жолды еңсердік. Егемендігімізді нығайтып, дамудың төл моделін қалыптастырдық. Халықаралық қоғамдастықта лайықты орынға ие болдық. Бүгінде Орталық Азия мен Әзербайжан Еуразиядағы өсіп-өркендеп келе жатқан геосаяси ықпалдастық орталығы саналады. Ең бастысы, бауырлас халықтарымыздың парасаты мен ынтымақ-бірлігінің арқасында бейбітшілік пен келісім орнаған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ауызбіршілік, өзара қолдау мен сенім осы заманның сын-қатерлеріне төтеп беру үшін ортақ стратегиялық тірегімізге айналды. Бұл үрдістер геосаяси шиеленіс пен жікке бөліну күшейіп, халықаралық қатынастар құрылымы өзгеріске ұшыраған тұста өте өзекті", – деді Мемлекет басшысы.
Президент Консультативтік кездесуге қатысушыларға өңірдегі ықпалдастықтың негізгі мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.
"Бірлескен күш-жігердің арқасында сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың мазмұны жыл өткен сайын толығып келеді. Бірлескен кәсіпорындар саны көбейді, іскерлік байланыс нығая түсті. Өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы секілді секторларда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Сауда кедергілері бірте-бірте жойылып, шекараларда жаңа өткізу бекеттері ашылып жатыр. Автокөлік және теміржол байланысы кеңейіп келеді. Дегенмен, біздің пайымдауымызша, ішкі нарық әлеуеті әлі де зор. Былтыр өңір ішіндегі сауда көлемі шамамен 13 миллиард долларды құрады. Бұл елдеріміздің жалпы тауар айналымының 8 пайызына жуық. Сондықтан үкіметтерімізге өзара сауда үлесін арттырып, осы көрсеткішті кемінде 20 миллиард долларға жеткізу үшін бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу және қабылдау жөнінде міндет жүктеген дұрыс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
2026 жылғы 7 қазанда кешке Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады.
Әуежайда Қазақстан президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:00, 8 қазан 2026
Қоңыр күздің жылы күндері: Қазақстанда қай қалада ауа температурасы +26°С-қа жетеді
-
14:54, 8 қазан 2026
ЖРВИ маусымында не істеу керек: Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды кеңестері
-
14:47, 8 қазан 2026
Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмысымен танысты
-
14:34, 8 қазан 2026
Алматылық тұрғын қираған аялдамаға шағымданды, алайда әкімдіктің жауабы таңғалдырды
-
14:27, 8 қазан 2026
Мемлекет басшысы Орталық Азияда волонтерлік қозғалысты дамытуды ұсынды





