Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты қайта тағайындады

10:32, 3 қыркүйек 2026
MKZ: 1564914

© Сурет: gov.kz

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылғы 13 қазанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "экономист-менеджер", 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Қазақойл-коммерция" ЖШС сарапшысы қызметінен бастаған. 1997-1998 жылдары "Бұлақ" ЖШС директорының орынбасары болды.

1999-2002 жылдары "Стандарт ОйлБейс" және "СтандартОйлТрейдинг" ЖШС директоры, "СтандартГаз" компаниясы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2002 жылы "Шымкенторгсинтез" АҚ Қызылорда филиалының директоры болды.

2002-2004 жылдары "Қызылорда Мұнай Сервис" ЖШС бас директоры және "ПетроҚазақстан" сауда үйі" ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды.

2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы ақпанға дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2008 жылғы ақпаннан 2013 жылға дейін Қызылорда облысының Шиелі ауданын басқарды.

2013 жылғы ақпаннан 2021 жылғы сәуірге дейін Қызылорда қаласының әкімі болды.

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы 7 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2022 жылғы 7 сәуірде Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалып, 2022 жылғы 1 желтоқсанда осы лауазымға қайта тағайындалды. Өңірді 2026 жылғы 6 мамырға дейін басқарды.

Нұрлыбек Нәлібаев 2026 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!