Қазақстанның Қаржы министрі тағайындалды
© Фото: primeminister.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәди Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2024 жылғы 6 ақпаннан бері атқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Мәди Тәкиев 1978 жылғы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетте "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алды. 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін иеленді.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында бас бухгалтер болып бастады.
2000-2008 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде инспектор, жетекші және бас салық инспекторы, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс және аудит бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарды.
2008-2009 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасын басқарды.
2009-2012 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары болды.
2012-2013 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің басқарма басшысы қызметін атқарды.
2013-2014 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болды.
2014 жылы ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.
2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры болды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.
2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болды.
2023 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы әрі Мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының мүшесі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 3 қыркүйек 2026
Қазақстан президенті Сауда және интеграция министрін тағайындады
-
12:03, 3 қыркүйек 2026
Астанада Лаос президентін қарсы алу рәсімі өтті
-
11:59, 3 қыркүйек 2026
Жұлдыз Сүлейменова ҚР Оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды
-
11:51, 3 қыркүйек 2026
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды
-
11:45, 3 қыркүйек 2026
Ерлан Ақкенженов Қазақстанның энергетика министрі қызметінде қалды





