Танымал үнді әншісін атып кеткен күдіктілер полицияның қолынан қаза тапты
© Сурет: instagram/ankiitbaliyann
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында полиция танымал 32 жастағы әнші Анкит Балиянды спортзалдың жанында атып кеткен қылмыстық топтың екі мүшесін іздеп тауып, көзін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы News9Live жазды. Басылым мәліметінше, 32 жастағы музыкантқа жасалған шабуыл қалалардың біріндегі спортзалдың маңында болған.
Бейнебақылау камераларына төрт шабуылдаушының өнер иесіне оқ атқаны түсіп қалған. Әнші Bhari Court Mein Goli Maarenge Meri Jaan хиті арқылы танымал болған.
"Тергеу барысында қылмысқа төрт мерген мен алдын ала бақылау жүргізіп, жергілікті жерді барлаған екі сыбайластың қатысы бары анықталды", – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары күдіктілердің ізіне 31 тамызда түскен. Ұстау кезінде қылмыскерлер полиция қызметкерлеріне оқ атқан. Қарулы қақтығыс барысында екі шабуылдаушы да ауыр жараланған. Олар Шамли аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, сол жерде қайтыс болған.
Қаза тапқандардың 24 жастағы Сумит пен 22 жастағы Мохит екені анықталды. Бұған дейін билік олардың әрқайсысын ұстауға көмектескендерге 50 мың рупийден (шамамен 250 мың теңге) сыйақы береміз деп жариялаған.
Арнайы операция кезінде құқық қорғау органдары да шығынға ұшырады. SWAT арнайы жасағының екі аға констеблі жарақат алған.
Оқиға орнынан жедел қызметкерлер бірнеше тапанша, 26 жауынгерлік оқ және 30 калибрлі 15 гильза тәркіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:53, 3 қыркүйек 2026
Балиде бассейнге түскен турист көзінен айырылып қала жаздады
-
08:45, 3 қыркүйек 2026
Күн энергетикасы Қытайдағы ең ірі электр қуаты көзіне айналды
-
08:36, 3 қыркүйек 2026
Әкесі ұлын құтқару үшін 40 келі салмақ тастады
-
08:12, 3 қыркүйек 2026
Алтын бағасы қысқа уақыт ішінде күрт төмендеді
-
21:25, 2 қыркүйек 2026
Археологтар Иса пайғамбардың жерленген жеріне қатысты тың мәліметтер тапты





