Қазақстанның жаңа Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды
© Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның жаңа Төтенше жағдайлар министрі болып 41 жастағы Мұрат Мұханов тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Аппаратының басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті Жарлыққа бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған ресми ақпартта.
Мұрат Мұханов 1985 жылғы 1 шілдеде Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын және Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы Нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
2006-2014 жылдары Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылымында әртүрлі қызмет атқарды.
2014-2017 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, кейін осы бағыттағы басқарманың бастығы болды.
2017-2020 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2020-2023 жылдары Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.
2023-2024 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарды.
2024 жылғы сәуірден бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:30, 3 қыркүйек 2026
Әлібек Қуантыров Қазақстанның жаңа Экология министрі болды
-
12:23, 3 қыркүйек 2026
Ақмарал Әлназарова Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды
-
12:16, 3 қыркүйек 2026
Тоқаев Нұржан Нұржігітовті Су ресурстары және ирригация министрі етіп қайта тағайындады
-
12:10, 3 қыркүйек 2026
Қазақстан президенті Сауда және интеграция министрін тағайындады
-
12:03, 3 қыркүйек 2026
Астанада Лаос президентін қарсы алу рәсімі өтті





