Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

12:31, 2 қыркүйек 2026
MKZ: 1564740

© Сурет: akorda.kz

2026 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам мен оның отандастарын ұлттық мерекемен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күнін Вьетнам халқының бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ елдің тұрақты даму мен өркендеуге деген ұмтылысын айшықтайтын маңызды мереке деп атады.

Президент Қазақстан мен Вьетнамның бірлескен күш-жігерінің арқасында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Жеделхат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!