Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып қайта тағайындалды
© Сурет: gov.kz
Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қызметінде қалды. Ол ведомствоны 2025 жылғы 9 қыркүйектен бері басқарып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпартта.
Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін бітірген.
Мансап
1998-2002 жылдары – ҚР Қарулы күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет етті.
2002-2005 жылдары – кеңесші, ҚР Премьер-министрі кеңсесiнің сектор меңгерушісі.
2005-2011 жылдары – бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2011-2016 жылдары – ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерде істеді.
2016-2017 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысының орынбасары.
2019-2022 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі.
2023-2025 жылдары – ҚР Конституциялық Сотының судьясы.
2025 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР әділет министрі болып тағайындалды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы бірқатар Жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, Дәурен Қосанов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды. Ержан Сәденов Ішкі істер министрі қызметінде қалды. Сондай-ақ Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымын сақтап қалды. Ал Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне қайта тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 3 қыркүйек 2026
Қазақстан президенті Сауда және интеграция министрін тағайындады
-
12:03, 3 қыркүйек 2026
Астанада Лаос президентін қарсы алу рәсімі өтті
-
11:59, 3 қыркүйек 2026
Жұлдыз Сүлейменова ҚР Оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды
-
11:51, 3 қыркүйек 2026
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды
-
11:45, 3 қыркүйек 2026
Ерлан Ақкенженов Қазақстанның энергетика министрі қызметінде қалды





