Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2025 жылдың 17 қыркүйегінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, президент бүгінгі кездесу Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті.
"Ең алдымен, Съезге арнайы келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің бұл жиынға қатысуыңыз, шын мәнінде, форумның табысты өту тұрғысынан маңызды. Біз Сізді құрметтейміз. Өзіңізге мәлім, Қазақстан мен Ресей – стратегиялық серіктес, одақтас елдер", – деді Мемлекет басшысы.
Патриарх Кирилл Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Орыс православие шіркеуінің миссиясы халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту екенін мәлімдеді.
"Қасиетті Қазақстанға келу мені әрдайым қуантады. Бұл біздің достас еліміз. Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келеміз. Қазір мемлекеттеріміз бөлек болғанымен, достық, өзара қолдау және ынтымақтастық тінін берік жалғап отырмыз", – деді Мәскеу Патриархатының басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.
Атап өтейік, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр.
Биылғы форум тарихтағы ең ауқымдысы болмақ. Осы күндері Астанаға әлемнің 60 елінен 700-ден астам делегат жиналды.
Съезд жұмысына ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм және өзге де діндердің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен рухани орталықтардың мүшелері қатысуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 14 тамыз 2026
JAQ.OrtCom Құрылтай сайлауы қарсаңында фейк ақпараттар тарап жатқанын ескертті
-
17:02, 14 тамыз 2026
Жарық өшуіне байланысты Алматы метросы жұмысын тоқтатты
-
16:58, 14 тамыз 2026
Жарықпен бірге су да өшуі мүмкін: «Алматы Су» тұрғындарға ескерту жасады
-
16:51, 14 тамыз 2026
Мемлекеттік сот орындаушылары борышкерлерден өндірілген ақшаны өндіріп алушыларға қалай аударады
-
16:47, 14 тамыз 2026
Қазақстанда жеке сот орындашысын уақытша алмастыру қағидалары қабылданды





