Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия параойындарында өнер көрсеткен 19 спортшыны марапаттады

14:20, 9 қараша 2026
MKZ: 1576715

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен XX жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін 19 спортшы мемлекеттік наградаға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен XX жазғы Азия ойындарындағы және V Азия параойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін марапаталды:

"Парасат" орденімен

  • Берульцева Софья Полихроновна – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы;

"Құрмет" орденімен

  • Луценко Алексей Александрович – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Проходов Кирилл Дмитриевич – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Сертай Ерлік Асқарұлы – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Чернухин Иван Сергеевич – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Яковлев Владислав Павлович – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы
  • Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы – жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы, Астана қаласы
  • Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таеквондодан алтын медаль иегері, Алматы қаласы
  • Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
  • Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы;

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!