Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үздік бестіктің қатарынан көрінді

15:21, 8 қараша 2026
MKZ: 1576574

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде еркін бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олимпиада чемпионы бұл бағдарламада 168,62 ұпай еншіледі. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 263,49 ұпайға ие болып, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Жапониялық Као Миура жарыста жеңіске жетті. Ол 293,25 ұпай жинады. Екінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсететін Владислав Дикиджи (282,44) иеленді. Үздік үштікті тағы бір ресейлік спортшы Евгений Семененко түйіндеді. Оның еншісінде 281,62 ұпай бар. Ол да бейтарап ту астында сынға түсті.

Айта кетейік, бұл Михаил Шайдоров үшін биылғы Гран-при сериясындағы екінші жарыс болды. Бұған дейін отандасымыз Франциядағы кезеңде өнер көрсеткен.

Бұған дейін Михаил Шайдоров 2026/27 маусымындағы Гран-при сериясының Францияның Анже қаласында өткен жарыста 206,55 ұпай жинап, оныншы орынға тұрақтаған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!