Қасым-Жомарт Тоқаев Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындықты қазірден бастауды тапсырды
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық туралы айтты.
Мемлекет басшысы спортшылармен бірге тиісті министрлік пен спорт федерациялары да дайындыққа қазірден кірісуі керек екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, әр жеңістің артында жылдар бойғы дайындық пен үздіксіз еңбек тұр.
"Еліміз үшін әр медальдің орны бөлек, құндылығы жоғары. Мен осы жерде отырған спортшыларға алғыс айтамын. Чемпион болу спортшыға зор жауапкершілік жүктейді. Жеңіс тұғырына шыққан әр спортшының жолы – кәсіби спортқа бет бұрған жастар үшін үлгі-өнеге. Олар сіздерге қарап бой түзейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы спорттың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне де тоқталды.
"Жалпы, спорт дегеніміз – халықтың сана-сезіміне ықпал ететін, кез келген адамның ойын да, бойын да түзейтін өте мықты күш. Бұл – өмірдің ақиқаты. Спорт өскелең ұрпақты әдептілікке, тазалыққа, адалдыққа, ұқыптылыққа баулиды. Жастарымыз жігерлі, ұлтымыз рухты болса, мемлекетіміз де қуатты болады", – деді Президент.
Тоқаев қоғамда қалыптасып келе жатқан жаңа әдеп нормаларын ең алдымен ел алдында жүрген азаматтар, соның ішінде спортшылар дәріптеуге тиіс екенін айтты.
"Сіздер бұл маңызды миссияны абыроймен орындап келесіздер. Бүгінде қазақ спортының мәртебесі биік, әлеуеті мол. Сондықтан біз бұдан да жоғары көрсеткіштерге ұмтылуымыз керек. Алда төрт жылдық кезеңнің бас додасы – Лос-Анджелес Олимпиадасы келе жатыр. Жаһандық жарысқа спортшылармен қатар, тиісті министрлік пен федерациялар қазірден бастап тыңғылықты және белсенді дайындалуы керек", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:52, 9 қараша 2026
Мемлекет басшысы 2027 жылы Қазақстанда қандай әлем чемпионаттары өтетінін айтты
-
13:50, 9 қараша 2026
Тоқаев Азия ойындарында ел намысын қорғаған спортшылардың жетістіктерін атап өтті
-
13:46, 9 қараша 2026
«Күш – білекте емес, жүректе». Тоқаев Азия рекордын жаңартқан Айсұлу Сүлейменованың қайсарлығын атап өтті
-
13:44, 9 қараша 2026
Мемлекет басшысы: Қазақстанда әрбір баланың спортпен айналысуға мүмкіндігі болуы керек
-
13:41, 9 қараша 2026
Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлеріне: Мен әрбір жеңісті нағыз патриотизмнің айқын көрінісі деп санаймын





