Хоккейден Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды
© Фото: zakon.kz
Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен 2027 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талғат Жайлауов бастаған ұлттық құрама үшінші, яғни соңғы турда жарыс қожайындарымен кездесті.
Негізгі уақыт пен бес минуттық овертайм голсыз өтті. Есеп – 0:0. Содан кейін буллит сериясы тағайындалып, жеңімпазды анықтау үшін тоғыз соққы жасау қажет болды.
Нәтижесінде қазақстандықтар жеңіске жетті. Команда сапында қақпаға бағытталған 23 соққының бәрін қайтарған қақпашы Владислав Нурек матчтың үздік ойыншысы болып танылды.
Қазақстан құрамасы ықтимал тоғыз ұпайдың сегізін жинап, қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды. Команда Халықаралық хоккей федерациясының қамқорлығымен өткен осындай барлық турнирлерде жеңіске жетті.
Алты ұпай жинаған жапондықтар күміс медальді иеленді. Төрт ұпай еншілеген Оңтүстік Корея құрамасы қола жүлдені місе тұтты. Кестені бір де бір ұпайға ие бола алмаған қытайлықтар түйіндеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:43, 8 қараша 2026
Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды
-
15:40, 8 қараша 2026
Отандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтыншы орын иеленді
-
15:29, 8 қараша 2026
«Барыс» тоғыз матчтан тұратын сырт алаңдағы ойындарын аяқтады
-
15:21, 8 қараша 2026
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үздік бестіктің қатарынан көрінді
-
10:19, 8 қараша 2026
Рыбакина Соболенкоға күшті мүмкіндік беріп қойды - сарапшы пікірі





