Қасым-Жомарт Тоқаев «Аваза» кешеніне келді
© Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 8 қазанда, Түрікменстанға жұмыс сапарымен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы кездесуге қатысу үшін "Аваза" кешеніне келді.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды", – делінген бейсенбі күні таратылған ресми хабарламада.
2026 жылғы 7 қазанда кешке Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады.
Әуежайда Қазақстан президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:07, 11 қараша 2026
Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек
-
08:58, 11 қараша 2026
Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті
-
08:41, 11 қараша 2026
«Қазгидромет» Астана және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасады
-
08:22, 11 қараша 2026
Қазақстанның 12 өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады: 11 қарашаға арналған жол болжамы
-
08:09, 11 қараша 2026
10 жылдан астам отасқан әйелін тастап, жас қызға үйленген ер адам сотталды





