Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 24 сәуірде Президент аталған орталықтың жұмысымен танысты.
Alem.ai орталығы жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге, білім беру бағдарламаларын іске асыруға, стартап-жобаларды дамытуға және қолданбалы шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Жалпы, Орталық Мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.
Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды.
Бұл – интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын маңызды бастама.
Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.
Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылмақ.
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты.
Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.
Тағы бір білім беру алаңы – цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығы
Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:31, 24 сәуір 2026
Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup жеңімпаздарын марапаттады
-
16:22, 24 сәуір 2026
Президент: Жасанды интеллект басқару жүйесін жаңартады
-
16:17, 24 сәуір 2026
Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен креативті саланың болашағын сөз етті
-
16:10, 24 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: цифрландыру мен жасанды интеллект – ел дамуының негізгі бағыты
-
16:02, 24 сәуір 2026
Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі





