Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, елдегі реформалар мен жастардың рөліне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстанда қоғамның барлық саласын қамтитын ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, наурыз айында қабылданған жаңа Конституция ел болашағы үшін маңызды әрі тарихи қадам болды.
Президент азаматтардың, әсіресе жастардың референдумға белсенді қатысып, Ата заңды қолдағанын атап өтіп, бұл қоғамдағы жауапкершілік пен отаншылдықтың айқын көрінісі екенін айтты.
"Жаңа Конституцияда халқымыздың бірегей болмысы, басты құндылықтары мен биік мақсаттары көрініс тапты. Бүгінгі жиынға жиналған білімді, зияткер жастарды мен Қазақстанның жарқын болашағы деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент жастардың ел дамуына серпін беріп, ұлттық беделді арттыруда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.
Ол жаңа Конституцияны Әділетті Қазақстанның берік негізі ретінде атап, заң мен тәртіп қағидаты қоғам өмірінің басты тірегіне айналғанын айтты. Сонымен қатар "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы азаматтардың туған жер мен табиғатқа деген жауапкершілігін арттырғанын жеткізді.
Президенттің сөзінше, бүгінде қоғамдық іске белсенді қатысатын, еріктілік қызметті парыз санайтын азаматтар саны артып келеді. Барлық осы құндылықтар Конституцияның мазмұнында көрініс тапқан.
Мемлекет басшысы адам капиталы елдің басты байлығы екенін атап өтіп, ғылым, білім және инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 24 сәуір 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 25 және 26 сәуір
-
17:51, 24 сәуір 2026
Алматы хайуанаттар бағы жағымды жаңалықпен бөлісті
-
17:37, 24 сәуір 2026
Ағымдағы жұмыс аптасында Қазақстан заңнамасында қандай өзгерістер болды
-
17:22, 24 сәуір 2026
Шымкент әкімдігін 10 млн теңгеге бопсалаған блогер сотталды
-
17:09, 24 сәуір 2026
Еліміздің шығысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды





