Қашаған кен орнында вахталық ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлер дауыс беріп жатыр

16:34, 6 қазан 2024

© Сурет: instagram.com/rsc.atyrau

Каспий теңізіндегі жасанды D аралында еңбек ететін 870-тен астам қызметкер референдумға қатысып, дауыс беруге өтініш білдірген.

"Аралға референдум комиссияларының мүшелері тікұшақпен барып, процесті ұйымдастыруда", - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ҚР орталық сайлау комиссиясының 14:00 деп жариялаған алдын-ала ақпаратына сәйкес, Атырау облысында дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 52,91 пайызы таңдау жасаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!