«Қарумен үйге баса-көктеп кірген». Алматыда өз бетінше әрекет еткен бір топ адам ұсталды
© Фото: zakon.kz
Алматы қаласында полиция қызметкерлері өз бетінше әрекет етумен байланысты заңсыз іс-әрекеттерге барған күдікті бір топ азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, бірнеше адам тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, үй иелеріне күш қолданып, өз талаптарын орындатуға тырысқан. Құқыққа қайшы әрекеттер барысында күдіктілер сырттай атыс қаруына ұқсас затты пайдаланған. Бұл жайт азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталды. Қауіп төндіретін заттар заңсыз айналымнан алынып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматы қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев бұлай өз бетінше әрекет етуге заңда жол берілмейтінін баса атап өтті.
"Біз күш қолдану мен қорқыту арқылы бөтен мүлікке қол сұғуға тырысқан топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойдық. Мұндай өз бетінше әрекет етуге жол берілмейді. Полиция әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Заң талаптарын бұзған әрбір азамат заң аясында жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар азаматтардың уақтылы хабарламалары жедел әрі тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін ерекше атап өткім келеді", – деді ол.
Бұған дейін Алматыда студенттер есірткі қылмысының жолын кесуге ат салысып, арнайы марапатқа ие болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:32, 29 қаңтар 2026
Ақтауда теңіз жағалауынан әйелдің денесі табылды
-
20:20, 29 қаңтар 2026
Түркістанның 18 жастағы тұрғыны өзін полицейлер жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін айтты
-
20:20, 29 қаңтар 2026
Түркістанның 18 жастағы тұрғыны өзін полицейлер зорлағанын айтты
-
19:57, 29 қаңтар 2026
Жаңаөзен маңында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, бір адам қаза тапты
-
19:48, 29 қаңтар 2026
Петропавлда сот сталкерге арақ ішуге тыйым салып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегу жазасын тағайындады





