Тоқаев құттықтаған алматылық ұстаз жайлы не белгілі

10:26, 29 қаңтар 2026

© Сурет: бейнежазба скриншоты

Алматылық химия пәнінің мұғалімі әлемдегі ең үздік 50 ұстаздың қатарына енді. Ерен еңбегімен көзге түскен педагогты ел Президенті құттықтады. Татьяна Белоусова Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінде 41 жыл бойы химия пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық Global Teacher Prize байқауының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік педагогтердің тізімі өткен жылдың желтоқсан айында жарияланды. Жер шарындағы ең мықты ұстаздардың қатарынан отандасымыз Татьяна Белоусова да табылды. Ұстазды бірегей жетістігімен Мемлекет басшысы да арнайы құттықтады.

"Мен үшін әлемдік деңгейдегі мойындау өте маңызды болды, сондай-ақ Қазақстанның да дамуын қалаймын, өйткені мен осы жерде тудым және осы жерде жұмыс істеймін, бұл менің сүйікті елім. Яғни, мен еліміздің атынан әлемде нық орын бекіткім келеді, сонда олар Қазақстанда керемет мұғалімдер бар екенін біледі. Сонымен бірге әріптестерімнің осындай байқауларға қатысуға ынтасы арта түсер еді".Татьяна Белоусова

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, халықаралық байқау он жылдан бері өткізіліп келеді. Іріктеу – кәсіби портфолио ұсыну, жетістіктерін дәлелдеу және халықаралық қазылар алқасымен сұхбаттасу сынды бірнеше кезеңнен тұрады. Әріптестері оның бұл жетістікке лайық екенін айтады. Ал оқушылары үшін бұл жаңалық аса таңғаларлық емес, себебі олар ұстаздарының шын мәнінде үздік мұғалім екенін жақсы біледі.

Айта кетейік, Қазақстан Global Teacher Prize байқауына бесінші рет қатысып отыр. Осы уақыт аралығында отандық педагогтер биылғы жылды қоса алғанда, үш мәрте әлемдегі ең үздік 50 мұғалімнің қатарына енді. Финалистерді марапаттау рәсімі ақпан айының басында Дубайда халықаралық білім беру форумы аясында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!