Жаңаөзен маңында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, бір адам қаза тапты

19:57, 29 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

Жаңаөзен маңындағы Қарақия ауданы, "Өзен" кен орыны аумағында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәліметті Lada.kz басылымына өңірдің полиция департаменті растады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апаты 26 қаңтарда сағат 19.00 шамасында болған. Mitsubishi L-200 жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, SHACMAN жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Салдарынан жол талғамайтын көліктегі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Жүргізуші әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан Жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір мерзімге қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!