Ақтауда теңіз жағалауынан әйелдің денесі табылды

20:32, 29 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

Ақтауда теңіз жағалауында қайғылы оқиға болды. Теңіз жағасынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтауда 4-ықшам ауданда жардан әйелдің денесі табылды. Бұл туралы хабар төтеншеліктердің кезекші бөліміне 29 қаңтарда, сағат 18:10-да келіп түсті, деп жазады Lada басылымы.

"Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері әйелдің денесін судан алып шықты. Өзге мән-жайлар анықталуда", - деп хабарлайды басылым жергілікті ТЖД-ға сілтеме жасай отырып.

Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына бұл суицид екені туралы айтып, жауап берген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру шараларын жүргізуде", - деп атап өтті полиция департаменті.

Заңнама талаптарына сәйкес және тергеу мүддесіне сай өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!