Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Қарағанды қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол психотроптық заттарды заңсыз таратумен айналысқан деген күдікке ілінді. Операция жедел ақпараттың негізінде өткізілді.
Күдіктіні ұстау барысында оның жанынан шамамен 100 грамм ұнтақ тәрізді, есірткі затына ұқсас зат салынған полиэтилен пакет табылды. Сонымен қатар қара изолентаға оралған, ішінде кристалл тәрізді заты бар екі орама анықталды.
Ұсталған азамат полицейлерге қосымша жасырылған орындарды көрсетіп, сол жерлерден тағы жеті дәл осындай орама табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың барлығы мефедрон болып шықты.
Тәртіп сақшылары күдіктінің өзін ұстап тұру кезінде мінез-құлқының біртүрлі екенін байқап, медициналық куәландыру жүргізді. Сараптама нәтижелері оның A-PVP және мефедрон психотроптық заттарын қолданғанын растады.
Аталған дерек бойынша күдіктіге қоғамдық орында есірткілік мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары кезеңінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 28 қаңтар 2026
Қазақстандық биатлоншылар Еуропа чемпионаты аясында өткен жекелей сайыста өнер көрсетті
-
23:03, 28 қаңтар 2026
Алматы облысында былтыр 10 тоннадан астам есірткі тәркіленді
-
22:36, 28 қаңтар 2026
Абай облысында тағы бір ауыл толықтай ішімдіктен бас тартты
-
22:01, 28 қаңтар 2026
16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді
-
21:40, 28 қаңтар 2026
29 қаңтарда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





