Қазақстандық биатлоншылар Еуропа чемпионаты аясында өткен жекелей сайыста өнер көрсетті
© Сурет: olympic.kz
Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан Еуропа чемпионаты аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының спортшысы Вадим Куралес ең үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт ату кезеңінде бір-ақ рет мүлт кетіп, 47-ші болып мәреге жетті.
Басқа отандастарымыздың көрсеткіштері төмендегідей:
- Александр Мухин (4 мүлт кетті) - 51-орын;
- Никита Акимов (2 рет мүлт кетті) - 52-орын;
- Кирилл Бауэр (4 мүлт кетті) - 74-орын;
- Егор Гребенщиков (2 мүлт кетті) - 94-орын;
- Иван Дарьин (5 мүлт кетті) - 99-орын.
Франция спортшысы Антонен Гигонна жарыста жеңіске жетті. Күміс жүлде норвегиялық Исак Фрейге бұйырса, қола медальді тағы бір Франция өкілі Валентин Лежен иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 28 қаңтар 2026
Алматы облысында былтыр 10 тоннадан астам есірткі тәркіленді
-
22:53, 28 қаңтар 2026
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды
-
22:36, 28 қаңтар 2026
Абай облысында тағы бір ауыл толықтай ішімдіктен бас тартты
-
22:01, 28 қаңтар 2026
16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді
-
21:40, 28 қаңтар 2026
29 қаңтарда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





