Қараусыз қалған ғимараттан оқушы қыздың денесі табылды. Астана қалалық ПД мәлімдеме жасады

22:51, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астана қаласының полиция департаменті қараусыз қалған ғимараттан өлі күйінде табылған оқушы қыздың өліміне қатысты тергеу шараларының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қыркүйекте Астана қаласы ПД-ның Instagram-дағы парақшасында аталған қылмыстық іске қатысты толыққанды мәліметтер жарияланды.

"10 қыркүйекте полиция басқармасының кезекші бөліміне қараусыз қалған ғимараттан кәмелетке толмаған қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шұғыл аттанды. Оқиға орнында егжей-тегжейлі тексеру жүргізілді. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, алдын-ала мәліметтер бойынша өлімнің себебі - жүректің тоқтауы. Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты және объективті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу ПД басшылығының ерекше бақылауында", делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!