Алматыда келесі аптада қар жауады: күн райы қалай өзгереді
© Фото: Zakon.kz
Бірнеше күннен кейін Алматыда күзгі қар жауып, артынша күн суытады. "Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz редакциясына алдағы аптаның әр күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтансық Медеуованың айтуынша, 7-13 қараша аралығында оңтүстік астанада ауа райы күрт өзгереді.
"Аптаның басында күн жылы әрі негізінен жауын-шашынсыз болады. Алайда аптаның соңына қарай жауын-шашын түсіп, күн суытады, түнде үсік жүреді. 7-9 қараша аралығында Алматыда жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы біртіндеп +20...+22 градусқа дейін көтеріледі. 7 қарашаға қараған түні және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Ауа райы 10 қарашадан бастап өзгереді. Күндіз жаңбыр жауып, жел күшейеді. 11 қарашада жауын-шашын түседі, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде де, күндіз де ауа температурасы +5...+7 градус шамасында болады. 12 және 13 қарашада күн одан әрі суытады. Бейсенбіде кей уақытта жаңбыр мен қар жауады, әсіресе қаланың жоғарғы бөлігінде. Жұмада жауын-шашын тоқтайды, алайда түнде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді", – деді синоптик.
Метеорологтер тауға демалуға шығатын тұрғындарға да ескерту жасады. Алматы облысының тау бөктері мен таулы аймақтарында жауын-шашын, тұман, екпінді жел және көктайғақ болады.
"10 қарашадан бастап таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады, ал 11 қарашада көбіне қар түрінде қатты жауын-шашын түседі. Апта бойы тұман түсіп, жел екпін алуы мүмкін. 12 қарашада көктайғақ болады. Осыған байланысты қала тұрғындарына ауа райының күрт өзгеретінін ескеріп, жылы киім мен су өткізбейтін аяқ киім дайындауға кеңес береміз. Жүргізушілер тұман мен жауын-шашын кезінде, әсіресе таулы жолдарда барынша сақ болғаны жөн. Таулы аймақтарға барар алдында ауа райы болжамын нақтылап, дауылды ескертулерді бақылау қажет", – деді Гүлтаңсық Медеуова.
Алматыда 7-13 қараша аралығында ауа райы қандай болады
7 қараша: Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы +3...+5, күндіз +16...+18 градус.
8 қараша: Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы +5...+7, күндіз +18...+20 градус.
9 қараша: Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы +10...+12, күндіз +20...+22 градус.
10 қараша: Аспан ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +10...+12, күндіз +18...+20 градус.
11 қараша: Аспанды бұлт торлап, жауын-шашын түседі. Кей уақытта, негізінен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы +5...+7 градус болады.
12 қараша: Аспанды бұлт торлайды. Кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы 0...+2, күндіз +3...+5 градус.
13 қараша: Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -1...-3, күндіз +5...+7 градус.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:25, 6 қараша 2026
Криптовалютамен ақы төленген: Өскеменде есірткіні буып-түюмен айналысқан күдікті ұсталды
-
18:03, 6 қараша 2026
Ерлан Қарин: Қазақстан өзінің тарихи және рухани мұрасын зерттеуді жүйелі түрде қолға алды
-
17:41, 6 қараша 2026
Бокстан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
-
17:34, 6 қараша 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 7 және 8 қараша
-
17:20, 6 қараша 2026
Павлодар түрмесінде кәмелетке толмаған қызбен қатынасы үшін сотталған жігіт асылып өлді





