Криптовалютамен ақы төленген: Өскеменде есірткіні буып-түюмен айналысқан күдікті ұсталды

18:25, 6 қараша 2026
MKZ: 1576380

© Сурет: polisia.kz

Өскеменде интернет-дүкен арқылы есірткі таратуға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталды. Ол есірткі заттарын өлшеп, арнайы түйіншектерге бөліп, буып-түюмен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқа облыстың тұрғыны интернеттен оңай табыс табу туралы хабарландыру арқылы заңсыз жұмысқа тартылған. Атқарған жұмысы үшін оған криптовалютамен ақы төленген.

Күдікті "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды.

Өскеменде есірткіні буып-түюмен айналысқан күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 18:25

Сурет: polisia.kz

Жеке тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған 350 түйіншек табылған. Сондай-ақ есірткі буып-түйілген жалдамалы пәтерден тағы 28 түйіншек пен екі ыдысқа салынған зат тәркіленді.

Өскеменде есірткіні буып-түюмен айналысқан күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 18:25

Сурет: polisia.kz

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Оның жалпы салмағы 635 грамды құрады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция интернетте ұсынылатын оңай табыс көздерінің артында есірткіге қатысты заңсыз әрекеттер болуы мүмкін екенін ескертеді. Мұндай қызметке қатысқан азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!