Қарағандылық шаруалар 1 млн тонна қойдың жүнін қоқысқа тастауға мәжбүр
© Сурет: pixabay
Қарағанды облысында 1 миллион тонна қойдың жүні кәдеге аспай құр босқа жатыр. Өнімді өткізе алмаған шаруалар оны өртеп жіберуге мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қанат Отарбаев 25 жыл бойы асылтұқымды қой өсіріп келеді. Бүгінде биязы жүнді қой 10 мыңға жуықтаған. Биязы жүн–кілем, тоқыма өнеркәсібіне таптырмас шикізат. Бірақ, сұраныс атымен жоқ. Тіпті алыпсатарлар да биыл төбе көрсетпеген.
"Қойдың негізгі өнімдерінің бірі жүн. Сол жүнге қазір сұраныс жоқ. Мына артымызда тұрған жабағы жүн көктемгі қырқымдікі. Осы күнге дейін сұраушысы да алушысы жоқ. Іздеп те жатырмыз. Бұл – өте сапалы жүн." Қанат Отарбаев, шаруа қожалығының басшысы
Қазір жүн ешқайда өтпейді. Жеңіл өнеркәсіп ақсап тұрғандықтан шикізат босқа рәсуа болып жатыр. Оны құрғақ қоймада сақтамаса ылғал тартып, кейін сапасын жоғалтады. Амалы қалмаған жұрт тонналаған жүнді жағып жібереді немесе қоқыс полигонына төгеді, деп жазады qazaqstan.tv.
"Қойы бар фермерлер бар. Жалғыз жеке меншік секторлар ғана емес. Жүн қабылданбайды. Барлығын қоқысқа апарып тастаймыз." Қабдолла Нөкербек, ауыл тұрғыны
Жергілікті билік жүнді өткізу, өңдеу ісін дамыту үшін инвестиция тартуға тырысып жатырмыз дейді. Әзірге нәтиже жоқ.
Мүмкін арзандатылған несие берерміз, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы немесе басқа да қажеттілік, инженерлік-инфрақұрылым қажет болса, оның барлығына біз көмектесуге дайынбыз. Бауыржан Асанов, Облыс әкімінің Ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары
Былтыр облыста 1 миллион тоннадан астам жүн өндірілген. Бұл жылдағыдан 2 пайызға көп. Бірақ, өнім көбейгенімен оны өңдейтін, өңірде қала берді көрші облыстарда бірде — бір өнеркәсіп жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:12, 11 желтоқсан 2024
Бокстан АЧ-2024: Айбек Оралбай Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші «алтынды» салды
-
16:46, 11 желтоқсан 2024
Сағындық Тоғамбай бокс чемпионатының финалында қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді
-
16:42, 11 желтоқсан 2024
Көлік министрлігіне жаңа функциялар қосылды
-
16:33, 11 желтоқсан 2024
Доллардың өсуі азық-түлік бағаларына әсер ете ме - Жұманғарин жауабы
-
16:20, 11 желтоқсан 2024
ЕАЭО мен Моңғолия уақытша сауда келісімін жасасады