Қарағандыда ветеринар қызметкері құмай тазыны заңсыз атып келген

10:46, 4 ақпан 2026

© Фото: akorda.kz

Қарағандыда қазақтың жеті қазынасының бірі, асыл тұқымды тазыларды заңсыз ату жиілеп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Astana TV" телеарнасының ақпарына сүйенсек, Александр Котеля 20 жылдан бері тазы тұқымын өсіріп, аңға қосады, жарыстарға апарады. Ақтас кентіндегі жеке панажай қожайыны. Бірнеше күн бұрын оның Сары Қасқасы мен қара Багирасын белгісіз біреулер атып кеткен. Тағы үш құмай тазысы жоғалып кетті. Қаскөйлер бейнебақылау жүйесін қиып іздерін суытыпты.

Арада үш күн өткен соң тағы бір аңшы Аман Әшірбековтің Сұркиігі оққа ұшқан. Қаскөй ер адам итті көлігінің қасына шақырып алып дротикпен атып өлтірген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Ол атқан адамның ветеринар екенін айтып отыр.

Аңшылар полицияға шағымданған. Тексеру жүргізген полицейлер тазыларды атқан адам шыныменде ветстанция қызметкері екенін анықтады.

Өз кезегінде, Қарағанды қаласының ветстанциясы тұрғындар болжаған адамның қазір жұмыс істемейтінін айтты. Ол адам да оқиғаға еш қатысы жоқтығын мәлімдеген. Аңшылар енді облыстық прокуратураға шағымданбақшы.

Бұған дейін қарулы күштердің әскери бөлімінде "Айқас" атты тазы қызмет ететіндігін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!