Алматыда ІІМ ардагері Сәрсенов өмірден озды
© Сурет: ҚР ІІМ
Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, милиция полковнигі Сәрсенов Қамбар Әмірұлы 102 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол құқықтық тәртіп жүйесінің іргетасын қалауға үлес қосқан, елге адал қызмет еткен көрнекті тұлға болды.
Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов ардагердің өмір жолына тоқталып, көңіл айтты: "Сәрсен Қамбар Әмірұлы – Жеңіс ұрпағына тән өкіл. Ол соғыс отын кешіп, кейін бар ғұмырын мемлекет пен қоғамға қызмет етуге арнады. Оның өмірбаяны – ерлік пен жанқиярлықтың, Отан алдындағы парызға шексіз адалдықтың айқын үлгісі. Ардагердің жарқын бейнесі әріптестерінің және кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады".
Сәрсенов Қамбар Әмірұлы 1924 жылы 25 қазанда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Күнтемес ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Кеңес Армиясына шақырылып, 3-дербес бригаданың мергендер мектебінде курсант болды. 1943 жылдан бастап Балтық майданының 4-екпінді армиясы құрамындағы 1911-атқыштар полкінде ұрыс қимылдарына қатысып, ауыр жарақат алған. 1944 жылы емделген соң қайтадан майданға жіберіліп, 51-Витебск Қызыл Тулы, II дәрежелі Суворов орденді атқыштар дивизиясында барлау ротасында қызметін жалғастырды. Соғыс жылдары Калинин, Псков облыстары, Беларусь, Латвия, Литва, Польша аумақтары және Шығыс Пруссияны азат етуге қатысқан.
Соғыстан кейінгі жылдары партиялық қызметте еңбек етіп, кейін ішкі істер органдарында қызмет атқарды. Қазақ КСР ІІМ-нің ведомстводан тыс күзет басқармасы бастығының орынбасары болды. Ерлігі мен батылдығы үшін I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, II және III дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен және жиырмадан астам медальмен марапатталған.
Ішкі істер органдары қызметкерлері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:44, 4 ақпан 2026
Депутат агротехникалық колледждерді қаржыландыруды қайта қарауды ұсынды
-
13:34, 4 ақпан 2026
Қарағанды облысында полиция кәсіпкердің ақшасын алаяқтардан сақтап қалды
-
13:23, 4 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында ресми түрде қарсы алды
-
13:23, 4 ақпан 2026
Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
-
13:22, 4 ақпан 2026
Ливияда Муаммар Каддафидің ұлы өз үйінде өлі күйінде табылды





