«Еліміздің аумақтық тұтастығы ешқашан бұзылмайды әрі өзгермейді» – Қарин әлеуметтік желідегі қауесеттер туралы
© Сурет: Telegram/consud.kz
Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин 2026 жылғы 3 ақпанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында елдің Негізгі заңына енгізілетін кейбір түзетулерге қатысты қазақстандықтардың пікірлеріне жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Қарин қоғамда бірқатар түзету қызу талқыланып жатқанын атап өтіп, олардың мәнін түсіндірді.
"Еліміздің аумақтық тұтастығы ешқашан бұзылмайды және ешқашан өзгермейді. Мұны қайта-қайта айту қажет, өйткені кейбір азаматтар елдің әкімшілік-аумақтық тұтастығы өзгеруі мүмкін деген пікір айтып жатыр. Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат және таза манипуляция. Өздеріңіз білесіздер, жаңа Конституцияда мұндай әрекеттерге қазір де, болашақта да берік тосқауыл қойылған. Мысалы, жаңа Преамбулада мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығы қол сұғылмайтыны нақты көрсетілген. Сондай-ақ 2-баптың 6-тармағында Қазақстанның аумақтық тұтастығы өзгермейтіні тікелей жазылған. Бұл дегеніміз, болашақта бұл мәселе тіпті референдумда да талқыланбайды. Елдің барлық азаматы мұны біліп, түрлі алыпқашпа әңгімеге ермеуге тиіс", – деді ол.
Ол тәуелсіздік, егемендік және аумақтық тұтастық мемлекеттің негізгі құндылықтары қатарына жататынын атап өтті.
Мемлекеттік кеңесші сондай-ақ Қазақстанда Конституцияға қайшы келетін заңдар мен халықаралық келісімдер ратификацияланбайтынын айтты.
"Жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары, сөз бостандығы бірінші орынға қойылған. Жаңа Конституция жобасының басты идеяларының бірі – мемлекеттің адамға бағдарлануы. Мысалы, 3-баптың 1-тармағында Қазақстан қызметінің негізгі қағидаттары адам құқықтары мен бостандықтарын ерекше қорғауға негізделетіні көрсетілген. 14-баптың 1-тармағында республикада адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіні нақты жазылған. 23-баптың 5-тармағында цензураға тыйым салынғаны айқын бекітілген, ал осы баптың 1-тармағында сөз бостандығына кепілдік берілетіні айтылған", – деп сендірді Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, жаңа Негізгі заң жобасында сөз бостандығы мен адам құқықтары шектелмейді, керісінше, бұрынғы Конституциямен салыстырғанда едәуір кеңейтілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:15, 3 ақпан 2026
Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді – Қарин
-
20:06, 3 ақпан 2026
«Елдің болашағын айқындайтын түбегейлі бетбұрыс» – Балаева конституциялық реформалар жайлы
-
20:00, 3 ақпан 2026
4 ақпанда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:51, 3 ақпан 2026
Ақтөбеде оқушы қызды зорлап, жүкті қылған өгей атасы 21 жылға сотталды
-
19:35, 3 ақпан 2026
Александрa Скороходова тау шаңғысынан Германияда өткен FIS турнирінде үздік ондыққа енді





