Түркістан облысында полиция жоғалған жылқы үйірін тауып, жергілікті тұрғынға қайтарды
© Фото: primeminister.kz
Түркістан облысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынға жоғалған малдарын тауып, қайтарып берді.
Ауыл тұрғынынан 21 бас жылқының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскеннен кейін, полицейлер дереу іздеу шараларын ұйымдастырды.
Тәртіп сақшылары көршілес аумақтарды және жайылымдарды қарап, жан-жақты тексеру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде жоғалған үйірді тапты. Сауран ауданының тұрғыны Ф.Жорабекова аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жылқы іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар полиция үй жануарларының иелеріне жайылым ережелерін сақтау және малдарды қараусыз жібермеу қажеттігін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:10, 3 ақпан 2026
Көктайғақ, тұман және боран: 4 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болады
-
17:02, 3 ақпан 2026
Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады
-
16:57, 3 ақпан 2026
–20°С-қа дейінгі сары аяз бен жылымық: Астана, Алматы және Шымкентте алдағы күндері ауа райы қандай болады
-
16:48, 3 ақпан 2026
Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді
-
16:39, 3 ақпан 2026
ЕАЭО-да 11 ақпаннан бастап тауар тасымалын бақылау үшін навигациялық пломбалар енгізіледі





