Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Актер, режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Балтабай Сейітмамытұлының өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.
Балтабай Сейітмамытұлы – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған тұлға. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді.
"Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!", - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 3 ақпан 2026
Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды
-
22:01, 3 ақпан 2026
Қызылордада 23 әскери қызметкер отырған көлік апатқа ұшырады
-
21:35, 3 ақпан 2026
Көкшетауға нәрестені шұғыл түрде әуе арқылы ауруханаға жеткізді
-
20:46, 3 ақпан 2026
Қазақстанда 14 ақылы учаскеде төлемақы уақытша қалай қайта есептеледі
-
20:15, 3 ақпан 2026
Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді – Қарин





