Қарағанды облысындағы ауылда жылқыдан инфекция анықталып, карантин енгізілді
© Сурет: pixabay
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Үміткер ауылында жылқы арасында тараған эпизоотикалық лимфангит инфекциясына байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін. Аудандық ветеринария бөлімі жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пункттерде ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдай жасап, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін", - делінген "Ашық" НҚА порталында жарияланған ауылдық округ әкімінің шешімінде.
КТК телеарнасының хабарлауынша, лимфангит немесе африкалық сап деп аталатын қауіпті кесел тек жұмыр тұяқты жануарларға жұғады.
Үміткер ауылындағы жылқылардың денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалғаны ақпан айында біліне бастаған. Содан бері 9 бас жылқы арам қатыпты. Ауру дендеп кеткен тағы 15 жылқы оқшауланған.
Карантинде қора-қопсы залалсыздандырылып, ауру жұқтырған малдар өртеледі. Оның нарық құны бюджет есебінен өтеледі. Өрістегі мыңнан аса жылқы да тексеріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





