Қарағанды облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 07:30-да ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы республикалық маңыздағы төрт автожол көлік қозғалысы үшін жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, келесі бағыттағы жолдар жабылды:
- Қызылорда – Павлодар (788-906 км, Ұлытау облысының шекарасы – Топар кенті);
- Астана – Қарағанды – Алматы (Теміртау – Ақмола облысының шекарасы, 92-164 км);
- Астана – Қарағанды – Алматы (164-184 км, Теміртау – Теміртау қаласы);
- Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау (51-101 км, Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті).
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын мыналарды ұсынды:
- сақтық шараларын сақтау;
- мамандардың ұсыныстарына құлақ асу;
- ауа-райының өзгеруіне байланысты енгізілген шектеулер туралы ресми ақпаратты қадағалау.
Аймақ полицейлері де осыған ұқсас үндеу жасады.
Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу пункті техникалық тұрғыда іске қосылғанын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:55, 30 желтоқсан 2025
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау ережесі бекітілді
-
12:46, 30 желтоқсан 2025
Олимпиада-2026: Қазақстан ұлттық құрамасын дайындауға қанша қаражат бөлінді
-
12:33, 30 желтоқсан 2025
«Түркия аруы» есірткі ісі бойынша қамауға алынды
-
12:23, 30 желтоқсан 2025
Қазақстанның жеті өңірінде жаңа визит-орталықтар ашылады
-
12:19, 30 желтоқсан 2025
Жерді жаңа жыл түнінде магниттік дауыл басады





