Қарағанды облысында полицейлер қарасора өсірген тұрғынды анықтады

13:50, 24 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Қарағанды облысының тұрғыны үйдің шатырында қарасора өсірген.

Қарағанды облысы ПД және Бұқар Жырау ауданы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елдімекендердің бірінде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады.

Ол жеке үйдің төбесінде қарасора өсіргенін мойындады. Тұрғын үйді тексеру кезінде полицейлер сегіз қарасора бұтасын тауып, тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!