Қарғын судан зардап шеккендерге еліміздегі қалталы кәсіпкерлер қаншалықты көмек көрсетті

15:27, 24 қыркүйек 2024

© Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 2024 жылғы 24 қыркүйекте Үкіметте өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккендерге кімдер қаржылай көмек көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй беру ірі отандық кәсіпкерлердің қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асырылғанын атап өтті.

"260 млрд теңге тартылды. Бүгінгі таңда қаражаттың 93%-ға жуығы игерілді. Қалған бөлігі-үйлерді пайдалануға беруге байланысты құжаттарды ресімдеу сатысында. Бұл шамамен 16,5 млрд теңге. Демеушілердің бір бөлігі құрылыс компанияларымен шарт жасасып, үйлердің құрылысын тікелей қаржыландырды, ал қаражаттың бір бөлігі "Қазақстан халқына" және "Демеу" қорына жіберілді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Үкімет атынан бизнеске және қиындыққа тап болған халқымызға осы көмекті көрсеткен азаматтарға тағы да алғысымды білдіргім келеді",-деп толықтырды Премьер-Министрдің орынбасары.

Бозымбаев қаржылық қолдау көрсеткен демеушілердің тізімін көрсетті.

Қарғын судан зардап шеккендерге еліміздегі қалталы кәсіпкерлер қаншалықты көмек көрсетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 15:27

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған, қалған 104 үй қыркүйек айының соңына дейін тапсырылатындығы хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!