Қарағанды облысында ерлі-зайыптының жанжалы пышақ жарақатымен аяқталды

18:44, 9 қараша 2026
MKZ: 1576795

© Фото: zakon.kz

Қарағанды облысының Абай қаласында 28 жастағы әйел пышақ жарақатын алды. Қылмыс жасады деген күдікпен оның 34 жастағы күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ekaraganda.kz басылымының Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, жедел жәрдем диспетчері оқиға туралы 6 қарашада хабарлаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, оның барысында ер адам әйеліне пышақ сұққан. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді.


"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!