Қарағанды мектептерінде бухгалтер жетіспей жатыр
© Сурет: pixabay
Қарағанды мектептерінде бухгалтер жетіспей жатыр. Соның салдарынан қаладағы оқу орындарының бірінде мұғалімдер жалақы кешіктіріліп, зейнетақы қорына қаражат аударылмай жатқан көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Оқу жылының басында біраз мұғалім қиындық көрді. Олар ипотека рәсімдегенде келісім берілмеді. Себебі бірнеше ай зейнетақы қорына қаражат түспеген, яғни сіз "жұмыс істемегенсіз" деген сияқты. Автокөлік ала алмай, өзіне қажет тұрмыстық зат ала алмай, осындай келеңсіздікке тап болды". №74 орта мектебінің мұғалімі Лилия Зәрубаева
"Маман тапшылығы жалақы төмендігінен туындап отыр. Есепшінің қолына алатын айлығы - 90 мың теңге. Ал атқаратын жұмыс көп. Қаражат аудару, мұғалімдердің сағатын санау, кірісшығыс есептері. Мұғалімдерге 300-500 мыңға дейін аударып отырып, өзі 100 мың теңгеге жетпейтін жалақыға жұмыс істегісі де келмейді". Қарағанды білімі бөлімінің бас есепшісі Елена Рақымова
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





