«Қар жауып, көктайғақ болады». Еліміз бойынша 8 қазанға арналған ауа райы болжамы

18:50, 7 қазан 2026
MKZ: 1571094

© Сурет: pixabay

Алдағы бейсенбіде, 2026 жылғы 8 қазанда елімізде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болып, үсік жүреді деп күтіледі. Бұл жайында "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ел аумағындағы қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамда айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, түнде мына аймақтарда сынап бағаны -1...-2°С суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі:

  • Алматы облысының солтүстігінде,
  • Түркістан облысының таулы аудандарында,
  • Жетісу облысының солтүстігінде.
"Циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, тұманның түсуі жатқызылады, түнде шығыста көктайғақ болады деп күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, болжамға сәйкес, еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Алматы, Ақтөбе облыстарының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде.

Бұған дейін Алматыда жылыту маусымын 2026 жылғы 9 қазанда бастау жоспарланып отырғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!