Жетісу облысында пайда табу үшін банк картасын алаяқтарға берген азамат сотталды
© Фото: zakon.kz
Жетісу облысында өзіне тиесілі банк шотын пайда табу мақсатында алаяқтардың пайдалануына заңсыз берді деген айыпталған дропперге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 5 мамырда сотталушы WhatsApp арқылы бұрын таныс емес тұлғадан пайда табу туралы хабарлама алған. Ол үшін одан өз атына банк шотын ашып, оны үшінші тұлғаның пайдалануына беру талап етілген.
Сотталушы сол күні аталған ұсынысқа келісіп, өз шотына тіркелген ұялы телефон нөмірін өзгертіп, көрсетілген нөмірді ұсыныс жасаған тұлғаға жіберген. Кейін ол аталған нөмірді банктің мобильді қосымшасы арқылы өзінің шотына байланыстырып, өз атына рәсімделген банк шотына үшінші тұлғаның қол жеткізуіне мүмкіндік беретін қажетті әрекеттерді орындаған. Бұл үшін оған күніне 10 000-нан 15 000 теңгеге дейін материалдық сыйақы уәде етілген. Алайда ол мүлде ақшалай сыйақы алмаған.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетімен өкінетінін білдірді.
"Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының кінәсін мойындауын және жасаған әрекетіне шын ниетімен өкінуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Ал қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ. Сонымен қатар, сот сотталушының бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын ескерді", делінген сот хабарламасында.
Сот үкімімен ол ҚР ҚК-нің 232-1-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, аталған баптың санкциясына сәйкес оған 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты өзін автосалон менеджері ретінде таныстырып, азаматтарды 600 миллион теңгеге алдаған күдіктіге қатысты сот үкімін жарияланғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:15, 7 қазан 2026
Шымкентте тойханада жұмыс істеген 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды
-
19:56, 7 қазан 2026
Желідегі видео: Алматыда агрессивті автобус жолаушысы мен полицейдің «әңгімесі» немен тынды
-
19:46, 7 қазан 2026
Несиесін төлемей жүрген Қостанай тұрғыны қос көлігінен айырылды
-
19:12, 7 қазан 2026
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады
-
18:58, 7 қазан 2026
«Семей орманы» аумағына жүргізілген рейдтен кейін үш қылмыстық іс қозғалды





