Желідегі видео: Алматыда агрессивті автобус жолаушысы мен полицейдің «әңгімесі» немен тынды

19:56, 7 қазан 2026
MKZ: 1571105

© Сурет: polisia.kz

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының автобустан түсірілген агрессивті адаммен сөйлесіп тұрған сәтінің видеосы тарады. Аталған оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам автобуста лаң шығарып, айналысындағыларға пышақ кезенген. Болған оқиға туралы Алматы қаласының Жетісу аудандық полиция басқармасына хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті. Алайда ер адам агрессивті әрекетін тоқтатпай, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Полиция қызметкерлері оның құқыққа қайшы әрекетін тоқтатып, пышағын алып, өзін полиция басқармасына жеткізді", деп хабарлады полициядан.

38 жастағы Нұржан Майлыбаевқа қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оған 12 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!