БҚО-да азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 4,5 млрд теңге бөлінді

12:12, 7 қазан 2026
MKZ: 1570989

© Фото: Zakon.kz

Батыс Қазақстан облысындағы дүкендерде негізгі азық-түлік бағасының шарықтап кетпеуі үшін "Aqjaiyq" ӘКК өңірлік тұрақтандыру қорын таратып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

mgorod.kz мәліметінше, 2026 жылы бағаны тұрақтандыруға 4,5 млрд теңге бөлінді. Оның 2 млрд теңгесі айналым схемасы арқылы, ал 2,5 млрд теңгесі форвардтық келісімшарттар бойынша бағытталған.

Бұл қаражатқа қазірдің өзінде 12,3 мың тоннадан астам азық-түлік өніміне келісімшарт жасалған. Оның ішінде көкөніс, ет, күріш, сүт және күнбағыс майы бар.

Өнімдерді жеткізу 2026 жылғы маусымнан 2027 жылғы мамырға дейін жоспарланған. Сатып алынған барлық өнім сауда желілерінде сатылғанға дейін жеткізушілердің қоймаларында сақталады.

Қордағы өнімдер:

  • Картоп – 6 970 тонна (1 кг – 120-220 теңге).
  • Сәбіз – 1 520 тонна (1 кг – 120-230 теңге).
  • Қырыққабат – 1 550 тонна (1 кг – 140-155 теңге).
  • Пияз – 1 040 тонна (1 кг – 130-190 теңге).
  • Сүт – 633 тонна (1 кг – 270-370 теңге).
  • Күріш – 500 тонна (1 кг – 250 теңге).
  • Күнбағыс майы – 100 тонна (1 кг – 740 теңге).
  • Сиыр еті – 35,7 тонна (1 кг – 2 800 теңге).
  • Қой еті – 28,6 тонна (1 кг – 3 500 теңге).

Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді қайдан сатып алуға болады?

Тұрақтандыру қорынан алынған өнімдер танымал супермаркеттер мен үй маңындағы дүкендерде сатылады. Қазір тізімде 52 сауда нүктесі бар:

  • "Алтындар" – 27 нүкте;
  • "Пешеходъ" – 16 нүкте;
  • "Суровский" – 4 нүкте;
  • "Анвар" – 2 нүкте;
  • "Дина" – 2 нүкте;
  • "Вега" – 1 нүкте.

Жыл соңына дейін азық-түлікті белгіленген төмендетілген бағамен сататын сауда желілерінің санын одан әрі арттыру жоспарланып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!