Қазақстан мен Сербия қару-жарақ алмасады
© Фото: akorda.kz
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 7 қазанда "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Құрылтайда келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Белградта қол қойылғанын еске салды.
"Келісімнің мақсаты – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасында олардың ұлттық заңнамаларына сәйкес тең құқықтылық қағидаты негізінде өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастық орнату және оны одан әрі дамыту", – делінген заңға қатысты қорытындыда.
Келісім әскери мақсаттағы өнімдерді өзара жеткізуді көздейді. Олардың қатарына қару-жарақ, әскери техника, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ынтымақтастық барысында берілген немесе әзірленген зияткерлік қызмет нәтижелері, соның ішінде оларға қатысты айрықша құқықтар (зияткерлік меншік) кіреді. Сондай-ақ әскери-техникалық саладағы ақпарат, конструкторлық, нормативтік, техникалық, технологиялық және пайдалану құжаттамасы, тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары бойынша әскери мақсаттағы өнімдерге жатқызылатын өзге де өнімдер қамтылады.
Келісім тараптар арасындағы маңызды экономикалық қатынастарды нығайтып, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайды деп күтіледі.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресейдің мұнай жеткізу туралы келісімді жаңартатынын жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:20, 7 қазан 2026
7 қазандағы Астана мен Алматының ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамдары
-
12:12, 7 қазан 2026
БҚО-да азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 4,5 млрд теңге бөлінді
-
12:06, 7 қазан 2026
Әскер Бейсенов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды
-
11:55, 7 қазан 2026
Татьяна Савельева Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
-
11:49, 7 қазан 2026
Қытайда 8345 метрлік аса терең ұңғыма бұрғыланды





