«Евровидение-2027»: Чехия неге байқауға қатысудан бас тартты
© Сурет: GROK
Чехия бюджеттік шектеулерге байланысты "Евровидение-2027" ән байқауына қатыспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Anadolu Ajansı Чехияның қоғамдық телерадиокомпаниясы Czech Television-ға сілтеме жасап жазды.
"Czech Television бюджетке енгізіліп жатқан өзгерістерге байланысты 2027 жылғы байқауға қатыспау туралы шешім қабылдады", – делінген хабар таратушы компанияның мәлімдемесінде.
Компания өкілдері "Евровидениеге" қатысу бағдарламалық, өндірістік және ұйымдастырушылық тұрғыдан айтарлықтай ресурсты қажет ететін ауқымды жоба екенін атап өтті.
Czech Television әр байқауға қатысу туралы шешім жеке қабылданатынын мәлімдеді. Сондықтан Чехияның "Евровидениеге" қашан қайта оралатыны әзірге белгісіз.
Чехия 2015 жылы "Евровидениеге" қайта оралғаннан кейін ән байқауына тұрақты түрде қатысып келген. Алайда қоғамдық телерадиокомпанияның мәлімдемесінде елдің алдағы уақытта байқауға қашан қатысатыны нақтыланбаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 24 қараша 2026
Сұлулық байқауының жеңімпазынан тәж тартып алынды
-
14:07, 24 қараша 2026
Шенеунік ересектерге арналған фильмдерге түскені үшін қызметінен айырылды
-
13:14, 24 қараша 2026
Nvidia басшысы Трамптың әйгілі суретіне пародия жасады
-
19:19, 23 қараша 2026
Дженсен Хуанг Nvidia компаниясына оралды
-
12:42, 23 қараша 2026
Ыстамбұлда арыстан жүр: тұрғындар қауіптеніп, іздеу жұмыстары басталды





