Алматы облысында жолды шулатқан жүргізушілер 10 тәулікке қамалды

21:05, 6 қазан 2026
MKZ: 1570900

© Сурет: polisia.kz

Алматы облысының Қарасай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бірнеше жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 3 қазанға қараған түні Алматы – Астана автожолында болған. Сағат 00:30 шамасында төрт жүргізуші Жібек Жолы ауылындағы мейрамханадан шығып, Алматы – Астана автожолымен қозғалған. Олардың жолда қауіпті әрі өрескел әрекеттерге барғаны бейнежазбаға түсіп қалған.

Полиция жүргізушілердің жеке басын анықтап, олардың Еркебұлан Жолдасбай, Бекарыс Махсетов, Ержан Жұмалиев және Ардақ Тұрғанбай екенін анықтады.


"Оларға қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу және бұзақылық фактілері бойынша барлығы 13 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар BMW көлігінің люгінен пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан адамның да жеке басы анықталды. Мейірбек Базарымбетовке қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді", – делінген хабарламада.

Осылайша, оқиға бойынша барлығы 14 әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс сотта қаралып, құқық бұзушыларға 10 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.

Полиция жолда қауіпті әрекеттерге бару өзге жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті. Құқық қорғау органдары мұндай фактілерді бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!