Қар, көктайғақ және жел: 10 желтоқсанда қай өңірлерде ескерту жасалды
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірінде 10 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жасалды. Көп өңірде көктайғақ болып, тұман түседі және желдің екпіні 20 метрге дейін жетеді деп болжанып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 10 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 10 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 10 желтоқсанда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 10 желтоқсанда түнде қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 10 желтоқсанда түнде қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 10 желтоқсанда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 10 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүсігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 10 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15 м/с.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, түнде облыстың таулы аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 10 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 10 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 10 желтоқсанда тұман күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:40, 9 желтоқсан 2025
“Қайрат” “Олимпиакосқа” есе жіберді
-
23:05, 9 желтоқсан 2025
БҚО-да бәліш арқылы тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған күдікті ұсталды
-
22:05, 9 желтоқсан 2025
Шымкентте «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті
-
21:40, 9 желтоқсан 2025
Атырауда автобус жүргізушісі 6 жастағы баланы қағып өлтірді
-
21:28, 9 желтоқсан 2025
Жұлдыз Әбдукәрімованың кенже інісі үйленді





