Ақтөбеде жанармай бекетінде жарылыс болды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 3 наурызда таңертең Ақтөбе қаласының Алматы ауданында Ақжар көшесіндегі авто-газ құю станциясында (АГҚС) өрт салдарынан жарылыс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі мәлімдегендей, "Экогаз" АГҚС аумағында "Кирпичный" тұрғын алабында жерүсті резервуарында газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды.
Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.
"Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеті арқасында өрт толық сөндірілді", – делінген хабарламада.
Оқиғаның нақты себебі анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 11:58, 3 наурыз 2026
Өскемен әуежайының басшылығы ірі көлемдегі ұрлық үшін жазаланды
- 11:47, 3 наурыз 2026
Цифрлық кеңістіктегі профилактика: буллинг пен интернет-алаяқтыққа қарсы жоба
- 11:36, 3 наурыз 2026
Павлодар облысында тыйым салынған уақытта үйден тыс жүрген 85 жасөспірім анықталды
- 11:23, 3 наурыз 2026
Доллар, еуро және рубль бағамы: Астана мен Алматыдағы орташа көрсеткіштер
- 11:15, 3 наурыз 2026
Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады





